Тамыз - ата-аналар үшін қарбалас уақыт. Балаларды мектепке немесе балабақшаға орналастыратын кезең.
Баланы балабақша кезегіне қою қазір өте оңай - құжаттарды бірнеше платформа арқылы онлайн беруге болады, оның ішінде Egov порталы да бар. Сізге бұл үшін интернетке қосылған гаджет те жеткілікті.
Мұны Egov.kz порталы арқылы қалай жасауға болатындығы туралы нұсқаулық:
Өтінімді толтыру кезінде сіз өзіңіздің (ата-ана немесе баланың заңды өкілі) кім екеніңізді көрсетуіңіз қажет. Бұдан кейін кезек түрін, реттік нөмірін, мектепке дейінгі ұйымға жолдама нөмірін, өз өңірін, ауданын/қаласын, мектепке дейінгі мекеменің түрі мен атауын, оқыту тобы мен тілін көрсете отырып, деректерді толтыру қажет болады.
Өтінімге баланың денсаулық паспортының және баланың денсаулық жағдайы туралы анықтаманың сканерленген көшірмелерін міндетті түрде тіркеңіз.
Қызмет алу тегін. Қызмет көрсету мерзімі - 30 минут.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі