Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ

Орналасқан жері: Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58;

пошталық мекенжайы: 150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58;

электрондық поштасы: Uiir@sqo.gov.kz;

байланыс телефоны 87152361362

Конкурстың нысанасы: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жас кәсіпкерлерге (29 жасқа дейін (қоса алғанда) (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Байқау түрі: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (dkb.qoldau.kz).

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер электрондық нысанда «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 ж. «10» тамыздан бастап 2021 ж. «03» қыркүйекке дейін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2021 ж. «10» тамыз сағат 10.00-ден бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2021 ж. «03» қыркүйек сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

Қосымша