«Туған Жер» арнайы жобасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» ішкі бағдарламасы аясында «Жомарт Жүрек-2021» сыйлық иегеріне конкурс жариялау туралы хабарландыру

«Туған Жер» арнайы жобасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» ішкі бағдарламасы аясында «Жомарт Жүрек-2021» сыйлық иегеріне конкурс жариялау туралы хабарландыру

Туған Жер» арнайы жобасының «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасының негізгі бағыты бойынша 20 маусымнан 15 тамызға дейін «Жомарт Жүрек-2021» сыйлық иегері конкурсының аудандық және облыстық кезеңін өткізу жоспарланған.

«Жомарт Жүрек» сыйлығының иегерлері келесі номинациялар бойынша анықталатын болады: «Жыл тұлғасы», «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жылдың үздік ұйымы», «Жылдың үздік қамқоршысы».

Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттар жинағы:

Жеке тұлғалар үшін:

  1. Конкурсқа қатысуға өтінім;
  2. Үміткердің фотсуреті (3*4), JPEG форматы;
  3. Автобиография
  4. Жеке куәлік көшірмесі;
  5. Жоба туралы, қоғамдық пайдалы, әлеуметтік-маңызды қызметі туралы ерікті нысанда ақпараттық хабарлама;
  6. Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік-маңызды қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі (алғыс хат, БАҚ материалдар, нысандардың, іс-шаралардың фотосы және т.б.)

Заңды тұлғалар үшін:

  1. Конкурсқа қатысуға өтінім;
  2. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (көшірме);
  3. Жоба туралы, қоғамдық пайдалы, әлеуметтік-маңызды қызметі туралы ерікті нысанда ақпараттық хабарлама;
  4. Қоғамдық пайдалы, әлеуметтік-маңызды қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі (алғыс хат, БАҚ материалдар, нысандардың, іс-шаралардың фотосы және т.б.)

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі 2021 жылғы 20 маусымнан 15 тамызға дейін.

Конкурсты ұйымдастырушылар: «СҚО Ақжар ауданы әкімінің аппараты»

Орналасқан жері. СҚО, Ақжар ауданы, Талшық а., Целинная к-сі, 15

Электронды мекенжайы мен байланыс нөмірлері: org-otdel251@mail.ru, тел: 8(71546)21251