Бала күтiмi бойынша жәрдемақыны қалай онлайн алуға болады

Бала күтiмi бойынша жәрдемақыны қалай онлайн алуға болады

Әрине, бала дүниеге келгеннен кейiн болашақ аналардың бос уақыты болмайды. Мемлекет тарапынан бала күтiмi үшiн бiр реттiк жәрдемақы төленетiнiн ұмытпаңыз. Соңғысын Egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы бiрнеше минут iшiнде ресiмдеуге болады. Төменде толық нұсқаулық көрсетiлген:⠀

  1. Egov.kz порталына кiрiңiз
  2. Iздеу батырмасы арқылы «Баланы бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер тағайындау» қызметiн табыңыз
  3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз
  4. Өтiнiмдi толтырып, оған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз
  5. Өтiнiмде жеке шот нөмiрiн (IBAN) көрсетiңiз
    Ескерту: Дербес шот өтiнiш берушiнiң атына ашылуы тиiс.
  6. Жеке кабинетте («Қызметтердi алу тарихы» бөлiмiнде) бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламамен танысыңыз.⠀

Хабарлама 7 жұмыс күнi iшiнде келiп түседi. Жыл басынан бала күтiмi бойынша жәрдемақыны 496 солтүстiкқазақстандық онлайн ресiмдегендiгiн айта кеткен жөн.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi