Құрметті Ақжар ауданының тұрғындары!

Құрметті Ақжар ауданының тұрғындары!

Ақжар ауданының әкімі Нұрлан Зарапұлы Телтаев әр айдың бірінші және соңғы бейсенбісінде азаматтарды жеке қабылдайды.
Жеке қабылдау барысында Сіздің өтініштеріңізді, ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңызды тыңдауға, сондай-ақ проблемалық мәселелерді қарауға және қолданыстағы заңнама шеңберінде тиісті түсініктемелер беруге дайынбыз.
📍 Өткізілетін орны: Ақжар ауданы әкімдігінің ғимараты, Талшық ауылы, Целинная көшесі, 15.
Жеке қабылдауға алдын ала жазылу үшін:
☎️ 8 (71546) 21-102
Аудан тұрғындарын жеке қабылдау мүмкіндігін пайдаланып, өздеріңізді қызықтыратын сұрақтар бойынша хабарласуға шақырамыз.