
22–24 мамыр күндері орталық стадионда «Ақбидай – 2026» жазғы спорт мерекесі аясындағы футболдан облыстық аймақтық жарысы өтті. Турнирге Аққайын, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев және Ақжар аудандарының үздік командалары қатысты.
Бірнеше күнге созылған жарыс барысында футболшылар жоғары дайындық деңгейін, командалық ауызбіршілікті және жеңіске деген жігерін көрсетті. Әрбір ойын тартысты әрі әсерлі өтіп, жанкүйерлер өз командаларына трибунадан қызу қолдау білдірді.
Көрермендердің ерекше назарын Ақжар ауданы мен Аққайын ауданы командалары арасындағы шешуші кездесу аударды. Спортшыларға қолдау көрсету және сәттілік тілеу мақсатында ойын барысында аудан әкімі Рүстем Мұқашұлы Елубаев қатысты. Ол ойыншыларға әдемі әрі әділ ойын көрсетіп, жарқын сәттер сыйлап, ең бастысы жарақатсыз өнер көрсетулеріне тілектестік білдірді.
Матч нағыз спорт мерекесінің атмосферасында өтті. Жанкүйерлердің ыстық ықыласы мен қолдауының арқасында Ақжар ауданының командасы ұйымшыл әрі сенімді ойын өрнегін көрсетіп, лайықты жеңіске жетіп, жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды.
«Ақбидай – 2026» спартакиадасының финалдық кезеңі шілде айында Шал ақын ауданының Сергеевка ауылында өтеді. Спортшыларымызға алдағы жарыстарда сәттілік, жарқын жеңістер, мықты жігер және финалда жоғары нәтиже тілейміз. Командалық рух, жанкүйерлердің қолдауы мен өз күшіне деген сенім футболшыларымызды жаңа белестер мен үлкен жетістіктерге жетелей берсі