«Халық заңгері» акциясы Qyran IT-орталығында өтті

«Халық заңгері» акциясы Qyran IT-орталығында өтті

30 қаңтар күні «Qyran» IT-орталығында аудан прокуроры Т.К. Төлегеновтің төрағалығымен тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылған кезекті «Халық заңгері» акциясы өтті.
Іс-шараға аудан әкімінің жедел мәселелер жөніндегі орынбасары Д.Е. Қапашев, сондай-ақ жергілікті және аумақтық атқарушы органдардың, құқық қорғау құрылымдарының басшылары мен өкілдері қатысты.
Кездесу барысында аудан тұрғындары әлеуметтік, тұрмыстық және құқықтық қатынастарға қатысты өзекті мәселелер бойынша білікті заңгерлік кеңестер алды. Сонымен қатар пробациялық есепте тұрған азаматтарға қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, олардың құқықтары мен міндеттері бойынша нақты кеңестер берілді, туындаған мәселелерді шешу жолдары ұсынылды.
Мұндай акциялардың өткізілуі халықтың құқықтық мәдениетін нығайтуға, мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға және азаматтар үшін заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.