Алқа отырысының назарында – ауданның өзекті мәселелері

Алқа отырысының назарында – ауданның өзекті мәселелері

21 қаңтар күні аудан әкімі Рүстем Мұқашұлы Елубаевтың төрағалығымен алқа отырысы өтті. Отырыста жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және жолдарды күтіп-ұстау салаларында қызмет көрсететін ұйымдар мен мердігер мекемелердің өкілдерімен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды.
Отырыстың негізгі мақсаты инфрақұрылым нысандарының қазіргі жағдайын, келісімшарттық міндеттемелердің орындалу барысын, сондай-ақ қысқы кезеңде туындайтын өзекті мәселелерге жедел ден қоюды талқылау болды. Өмірлік маңызы бар жүйелерге түсетін жүктеменің артуына байланысты тұрғындарды коммуналдық қызметтермен үздіксіз қамтамасыз ету және автомобиль жолдарындағы қауіпсіздікті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Күн тәртібі аясында аудан әкімінің жедел мәселелер жөніндегі орынбасары Д.Е. Капашевтың салалар бойынша баяндамалары тыңдалды.
Аудан басшысы жылумен және сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысы, сондай-ақ жолдардың тиісті деңгейде күтіп-ұсталуы жергілікті атқарушы органдардың басым міндеттері екенін атап өтті. Ол бақылауды күшейту, мердігер ұйымдардың жауапкершілігін арттыру және барлық қызметтердің өзара жедел іс-қимылын қамтамасыз ету қажеттігін ерекше айтты.
Отырыс соңында Рүстем Мұқашұлы коммуналдық және қызмет көрсетуші құрылымдардың үйлесімді әрі уақытылы жұмысы тұрғындардың өмір сүру сапасына және мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Ол барлық қатысушыларды жауапкершілікпен жұмыс істеуге, конструктивті ынтымақтастыққа және қойылған міндеттерді мүлтіксіз орындауға шақырып, аудан тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігі әрдайым басты назарда болатынын жеткізді.