
23 мамыр күні орталық базарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Шара барысында тұрғындарға жергілікті өндірушілердің, атап өткенде Талшық, Ленинград, Құлыкөл округтарының жаңа әрі сапалы өнімдерінің кең ассортименті ұсынылды.
Жәрмеңкеде сиыр еті, қой еті, картоп сүт өнімдері және басқа да тауарлар қолжетімді бағамен саудаға шығарылды. Әсіресе, баға саясаты жергілікті тұрғындар үшін тиімді болуына баса назар аударылды.
Жәрмеңкенің барысымен аудан әкімі Рүстем Мұқашұлы Елубаев арнайы келіп танысты. Сауда алаңын аралап, тұрғындармен тілдескен әкім ұйымдастыру жұмыстарына оң бағасын берді.
Жәрмеңке жылы, достық атмосферада өтті. Тұрғындар үшін бұл тек өнім сатып алатын орын ғана емес, бір-бірімен қауышатын орта болды. Шара халықтың ризашылығымен, алдағы уақытта жалғасатын игі бастама ретінде әдемі қорытындыланды