Отан қорғаушылар күніне арналған мереке

Отан қорғаушылар күніне арналған мереке

7 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мереке Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын салтанатты түрде алып шығу және ел Әнұранын орындаудан басталды. Ұлттық гимннің шырқалуы барлық қатысушыларды бірлікке, патриотизмге және Отанға деген мақтаныш сезіміне бөлеп, біріктірді.
Жиналғандарға құттықтау сөзін аудан әкімі Рүстем Мұқашұлы Елубаев арнады. Ол бұл мерекенің ерекше маңыздылығын атап өтіп, Отан қорғаушылар күні күнтізбедегі жай ғана күн емес, ерлік пен батылдықтың, Отанға деген адалдықтың символы екенін айтты. Өз сөзінде Мемлекет басшысының: «Отан алдындағы борышты өтеу — бұл Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі, ал Отан мен халыққа қызмет ету – әрбір азаматтың қасиетті борышы» деген сөздерін мысал етті.
Аудан басшысы әскери қызметшілер тек бейбіт аспанды қорғап қана қоймай, қиын сәттерде де алғашқылардың бірі болып көмекке келетінін, бейбіт заманда да ерлік көрсетіп жүргенін ерекше атап өтті. Олар су тасқыны салдарын жоюда батылдық, төзімділік және кәсібилік танытып, ерекше рөл атқарды.
Сөзінің соңында Рүстем Мұқашұлы барша жұртты мерекемен тағы да құттықтап, Отан игілігі үшін атқарып жатқан қызметтеріне табыс тіледі.
Одан кейін марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет басшысының 2025 жылғы 28 сәуірдегі жарлығына сәйкес, «Жеңістің 80 жылдығы» медалімен Сұлтанов Егінбай ақсақал марапатталды – бұл оның Отан қорғау және тарихи жадыны сақтау ісіне қосқан үлесі үшін берілді. Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны салдарын жоюға белсене қатысқаны үшін Айсары ауылдық округінің әкімі Қасенова Самал Қайыржанқызы облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар және ішкі істер салаларының қызметкерлері де өздерінің бейбіт кезеңдегі ерен еңбектерімен ерекшеленіп, лайықты марапаттарға ие болды.
Мерекелік көңіл-күй мәдениет үйі ұжымының ұйымдастыруымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты. Концертке мәдениет, білім беру, медицина саласының қызметкерлері, мектеп оқушылары мен жастар ұжымдары қатысты.
Сахнада әскери жылдар әндері, патриоттық әндер мен батырларға арналған әдеби шығармалар орындалды. Әртістердің әсерлі өнері көзге жас, жүзіге күлкі үйіріп, естелік пен алғыс атмосферасын жеткізді. Концерт жас буынға ерекше әсер етіп, елдің ұлы тарихын еске салып, Отанға қызмет етуге шабыттандырды.
Іс-шара аудан өміріндегі жарқын және маңызды оқиға болды, ол ұрпақтарды біріктіріп, әр адамға Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық пен ар-намыс сияқты басты адамгершілік құндылықтарды еске салды. Осы күні әрбір қатысушы өз елінің және оның қорғаушыларының алдында мақтаныш сезімін сезінді. Мереке жылы шапалақтармен, алғыс сөздермен және Қазақстанның бейбіт әрі жарқын болашағына деген сеніммен аяқталды.