Қазақстан Республикасының» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық кұрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, Кіші- Қарой ауылдық округі Бостандық және Киев ауыл халықтарының пікірін ескере отырып ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ;
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кіші-Қарой ауылдық округі Бостандық ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
«Карла Маркса» көшесі «Кенесары» көшесі;
«Ленина» көшесі «Жолауши Рамазанов» көшесі.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кіші - Қарой ауылдық округі Киев ауылының келесі көшелері қайта аталсын:
«Гагарина» көшесі «Томан» көшесі;
«Ленина» көшесі «Кожек» көшесі.
«Кирова» көшесі «Абылайхана» көшесі.
«Комсомольсмкая» көшесі «Каирбек Шалабаев» көшесі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.