ШЕКТЕУ ІС-ШАРАЛАРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ

ШЕКТЕУ ІС-ШАРАЛАРЫН ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес, Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторының 2021 жылғы 24 мамырдағы 07-29/64 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылының «Ақерке» шаруа қожалығының аумағында ірі қара мал арасында құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты шектеу іс- шаралары тоқтатылсын.
  2. Солтүстік Қазақтан облысы Ақжар ауданы Алқатерек ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы» 2021 жылғы 09 сәуірдегі № 5 шешімінің (2021 жылғы 01 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкісінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 23231 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Алқатерек ауылдық округі әкімінің м.а.
А.Аушахимова