СОЛТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АҚЖАР АУДАНЫ АЛҚАТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКIМIНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРI БОЙЫНША 2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЕСЕП

СОЛТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АҚЖАР АУДАНЫ АЛҚАТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКIМIНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРI БОЙЫНША 2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЕСЕП

Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттi жоспарлау
министрiнiң 2013 жылғы 25 маусымдағы
№193 бұйрығына 2 қосымша

Баршаға жоғары сапалы мемлекеттік қызметке ашықтық және бірдей қолжетімділік Елбасымен мемлекеттік басқару органдарына қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 2020 жылы Алқатерек ауылдық округінде жергiлiктi атқарушы органдармен мемлекеттiк қызметтердiң 8 түрi көрсетiлген, олардың iшiнде:

  • мемлекеттiк органдарда -4;
  • қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде – 0;
  • ХҚКО-тары арқылы - 4;
  • электронды түрде - 0.

Алқатерек ауылдық округі әкiмiнiң құрамына кiретiн мемлекеттiк мекемелердiң арнайы сайттарында мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша материалдар орналастырылған. Аталған мемлекеттiк мекемелердiң әрқайсысында мемлекеттiк қызмет көрсетуге байланысты ақпараттық стендтер бар. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын арттыру жұмысының негiзгi бағыттары төмендегiлер:

орталықтандырылған мемлекеттiк қызмет көрсету «бiр терезе» принципi бойынша. Ол үшін аймақта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің бөлімі (Мемлекеттік корпорация) жұмыс істейді.

мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң автоматтандырылуы;

халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде заңсыздық пен мерзiм бұзушылыққа жол бермеу.

Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мекемеде мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi көрсетiлген ақпараттық стендтермен, өтiнiш толтыруға арналған орындармен жабдықталған, шағымдар мен ұсыныстарды есепке алу журналдары бар.

2020 жылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатысты 30 ақпараттық-түсiндiру жұмыстары жүргiзді оның ішінде ақпараттық парақшалар тарату акциялары, оқытулар, мақалалар.

Мемлекеттiк қызметке қайта алынған қызметкерлер КМҚК «СҚО әкiмдiктерiнiң мемлекеттiк қызметкерлерiн өңiрлiк қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру орталығында» курсынан өтедi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасына ішкі бақылау:

2020 жылы мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасына байланысты шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша iшкi бақылаудың нәтижесi — мемлекеттiк қызмет көрсетудiң уақытылы орындалуы туралы ай сайынғы мониторинг.

Алдағы уақытта мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасы мен тиiмдiлiгiн көтеру және қызмет алушылардың қанағаттандырылуын арттыру мақсатында Алқатерек ауылдық округі әкімі аппараты iшкi бақылауды арттыруды, ХҚКО арқылы және электронды түрде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң санын көбейтудi, мемлекеттiк қызмет көрсетудi жақсарту мақсатында iс-шаралар жоспары әзiрлеген.

Округ әкiмi Н.Алин