Бүгіннен бастап Аққайың ауданы әкімінің Кенжеғалы (Григорьев ауылдық округі) және Камышлово (Токушин ауылдық округі) ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесулері басталды. Кездесулер барысында өзекті мәселелер көтерілді, оларға түсініктемелер берілді, сондай-ақ одан әрі қарау үшін бақылауға алынды.
Кездесу басталар алдында аудан әкімі СҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен Аққайың және Қызылжар аудандары әкімдерінің аталмыш ауыл тұрғындарына су тасқыны салдарын жоюға және оның алдын алуға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттарын табыс етті.