Отан қорғаушылар күніне арналған «Батырлар – ел қорғаны» атты салтанатты іс-шара өтті.

Отан қорғаушылар күніне арналған «Батырлар – ел қорғаны» атты салтанатты іс-шара өтті.
Аққайың ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Батырлар – ел қорғаны» атты салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында аудан әкімі Жанар Поселкеқызы Құсайын жерлестерді мерекемен құттықтап, ел қорғаудың маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, ұлттық дәстүрді дәріптеген «Шебер ер – ел тірегі» атты шеберлер байқауы ұйымдастырылып, қолөнер туындылары көпшілік назарына ұсынылды.
Мерекелік іс-шара аясында армрестлинг, гир көтеру сияқты спорттық жарыстар және балалар үшін тоғызқұмалақ пен асық ату ойындары өткізілді.
Мереке концерттік бағдарламаға ұласып, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бұл күн – ерлік пен патриотизмге тағзым ету күні ретінде есте қалды!