Құрметті жерлестер, ардақты ер-азаматтар! Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ерлік пен елжандылықтың, абырой мен ар-ожданың мерекесі. Бұл күн – еліміздің бейбітшілігі мен тұрақтылығын қорғап жүрген барлық азаматтарға деген алғыс пен құрметтің белгісі. Осы мерекеде ауданымыздың әрбір азаматына елге деген адалдығы, қайраты мен табандылығы үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Әрбір шаңырақта амандық, бақ-береке, бейбіт өмір орнасын! Бүгінде Аққайың ауданынан 42 жас сарбаз Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде абыроймен әскери борышын өтеп, нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп отыр.
Сондай-ақ жақында Қызылжар ауданында өткен су тасқынына қарсы шаралар барысында 400-ден астам аудан азаматтары – әр салада еңбек ететін ер-азаматтар – бірігіп, қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстарына белсене қатысып, ауылдарды су басудан сақтап қалуға өз үлестерін қосты. Бұл олардың рухы мықты, жауапкершілігі жоғары, ұйымшыл нағыз азамат екендіктерінің жарқын дәлелі болды. Сіздермен мақтанамыз, сенеміз!
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, бейбіт өмір, жарқын болашақ және барлық істеріңізге сәттілік тілеймін! Мереке құтты болсын, құрметті қорғаушылар!
Аққайың ауданының әкімі Ж.Құсайын