Смирново ауылында Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше көңіл-күймен аталып өтті. Мерекелік бағдарламаның шымылдығы «Қара жорға» флешмобымен ашылды.
Ауылдың орталық алаңында түрлі ұлттардың этноауылдары орналастырылып, қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, әр халықтың мәдениетімен және салт-дәстүрімен танысты.
Бұл күн тағы да дәлелдеді: бірлік – басты құндылығымыз!