1 Мамыр — бейбітшілік пен достықтың, келісімнің символы. Елімізді мекендеген түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі әрдайым берік бейбітшіліктің және тұрақтылықтың негізі, болашаққа деген сеніміміз бен күш-қуатымыздың қайнары болып табылады. Түрлі этностардың дәстүрлері мен мәдениетіне деген өзара түсіністік пен құрметтің арқасында біз қуатты, гүлденген Қазақстанды бірге құрып келеміз. Біздің аудан — түрлі ұлт өкілдерінің ортақ кіші отаны. Біз бірге еңбек етіп, ұрпақ тәрбиелеп, өлкемізді дамытудамыз. Біздің бірлігіміз, бір-бірімізге деген құрметіміз бен шынайы достығымыз — алдағы жетістіктеріміздің кепілі. Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке, әр отбасыға тыныштық пен татулық тілеймін! Ауданымыз бен еліміз әрдайым достықта, өзара түсіністік пен жасампаздықта өмір сүре берсін!
Мереке құтты болсын!
Аққайың ауданының әкімі Ж. Құсайын