Құрметті аққайыңдықтар, 26-27 сәуір күндері баршаңызды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысуға шақырамыз!

Құрметті аққайыңдықтар, 26-27 сәуір күндері баршаңызды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысуға шақырамыз!
Құрметті аққайыңдықтар!
26-27 сәуір күндері (сенбі және жексенбі) баршаңызды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысуға шақырамыз!
Әр тұрғын:
– өз ауласын тазалауы,
– үйдің қоршауының айналасын — шарбақтан жолға дейінгі аумақты ретке келтіруі қажет.
Үй мен көше арасындағы жерлер де назардан тыс қалмасын!
Осы аумақтар — біздің көшеміздің бет-бейнесі.
Таза көше — таза ауладан басталады!
Әркім ішкі ауласын да, сыртқы аумағын да реттесе — ауылымыз көркейеді.
Таза көше — таза үй. Таза үй — таза ауыл.
Отбасыңызбен, көршілермен, достарыңызбен бірге сенбілікке шығыңыз!
Ауылымызды бірге тазалайық — өзіміз үшін, болашақ үшін!
— Аққайың ауданының әкімдігі