Ауылдық округтердегі" Таза Қазақстан " экологиялық акциясы

Ауылдық округтердегі" Таза Қазақстан " экологиялық акциясы
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Григорьевка, Тоқшын және Ивановка ауылдық округтерінде тазалық және абаттандыру жұмыстары атқарылды. Ауыл ішіндегі бекітілген аумақтар ретке келтіріліп, қоршаулар боялып, қураған шөптер шабылды.
Бұл бастама тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, ауыл келбетін жаңартуға сеп болды.
Бірге тазалық жасайық — бірге жарқын болашақ құрамыз!