кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде М.Т. Дүйсембаеваның төрағалығымен Аққайың ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыс аясында кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Отырысқа қатысушылар аудандағы ағымдағы жағдайды талқылады, жасөспірімдердің психоэмоционалдық жағдайына әсер ететін негізгі проблемалар мен себептерді белгіледі, сондай-ақ профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шараларды қарады.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты органдарға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың психикалық және физикалық денсаулығын нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.