
Наурыз мерекесі қарсаңында "Полтава орта мектебі" КММ базасында жұмысшы мамандықтар жылына арналған "Үздік педагог - кәсіби бағдар беруші" байқауының екінші кезеңі өткізілді. Конкурсқа Аққайың ауданының білім бөлімі онлайн форматта өткізген конкурстың бірінші кезеңінің жеңімпаздары атанған Педагог-кәсіби бағдар берушілер қатысты.
Байқауға қатысушылар өз тәжірибелерін, шеберліктерін көрсетті, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудың жаңа идеяларымен бөлісті.
Баршаңызға зор алғысымызды білдіреміз! Сіздің еңбегіңіз әрқашан танылсын, сәттілік пен жаңа жетістіктер әкелсін!