Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар өтті

Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар өтті
22 наурызда Смирново ауылының орталық алаңында Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар өтті.
Мереке театрландырылған қойылыммен басталып, тұрғындар мен қонақтар тазалық пен амандықтың белгісі саналатын Аластау және Шашу дәстүрлерінің куәсі болды.
Барша қонақтарға тегін ұлттық тағамдар ұсынылды: наурыз көже, бауырсақ, палау, шай және «Токуши нан» өнімдері.
Спорттық жарыстар да мерекенің маңызды бөлігіне айналды. Күрес әуесқойлары қазақ күресінен өткен турнирге қатысты. Жеңімпаздар «Хамзин» ЖК мен «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ұсынған грамоталармен, медальдармен, ақшалай сыйлықтармен және чемпиондық белдіктермен марапатталды. Қой көтеру сайысында «Көк Бөрі» ШҚ ұсынған қой басты жүлде болды. Сонымен қатар, қол күресі, жілік сындыру және аударыспақ жарыстары көрермендердің қызығушылығын тудырды.
Мереке аясында алаңға киіз үйлер тігіліп, этномәдени бірлестіктер ұлттық музыка, би және қолөнер туындыларын ұсынды.
Мерекенің басты тосынсыйы – ауыл шаруашылығы лотереясы болды. Оны аудандық «Колос» газеті ұйымдастырды. Лотереяда жергілікті өндірушілер – «Северный бройлер» ЖШС, «Ростан» ЖШС және «Меденникова» ЖК өнімдері ойнатылды. Ал бас жүлделер «Алтын Сары» ЖШМ ұсынған бұзау мен «Орталық Жер Агро» ЖШС ұсынған қой болды. Бұл жүлделер қатысушылар арасында ерекше қызығушылық тудырды.
Балалар үшін аниматорлар арнайы бағдарламалар әзірлеп, көңілді атмосфера сыйлады. Мереке жоғары деңгейде өтіп, ауыл тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.