2023 жылғы 19 қыркүйек «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО филиалы Аққайың ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің ғимаратында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бастамасымен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшының орынбасары Г.Е. Ғалиулина мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында 10 азамат қабылданды. Барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді. Қабылдау барысында мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.