"Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын іске асыру мақсатында 2023 жылғы 11 қыркүйекте аудандық мәдениет үйінде Аққайың ауданының әкімі Р.М. Елубаевтың Смирново ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтті. Кездесуге ауыл тұрғындары, ұйымдардың өкілдері қатысты. Барлық қойылған сұрақтарға түсініктемелер берілді.