Мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

19 наурыз бүкіл ел бойынша парламенттің төменгі палатасы-мәжіліске, сондай-ақ жергілікті өкілді органдар-мәслихаттарға депутаттар сайлауы өтеді. Мүгедектігі бар адамдар үшін барлық жағдай жасалған.

Аққайың ауданының аумағында 30 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Сайлау құқықтарын сақтау және ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың сайлауға қатысуы мақсатында сайлау учаскелері орналасқан объектілер пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен, тактильді бағыттаушы және ескерту ақпараттарымен жабдықталған.

 Бұдан басқа, көру, есту және сөйлеу қабілеті бұзылған сайлаушылар үшін дауыс беру пункттерін материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сайлау учаскелері кіре берісте және үй-жайдың ішінде тактильді көрсеткіштермен, Брайль шрифтімен орындалған трафареттермен және ақпараттық материалдармен, ұлғайтқыштармен жабдықталған, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделген форматта арнайы компьютерлер орнатылған (құлаққапқа қосылуы бар диагоналы кемінде 54 сантиметр монитормен).

Сайлау кезінде есту қабілеті бұзылған сайлаушылар үшін барлық сайлау учаскелерінде ым тілі маманының қызметтерін онлайн режимінде ұсыну көзделетін болады, сурдоаударма маманының байланыс деректері дауыс беру пункттерінде орналастырылады.

Дауыс беру күні барлық сайлау учаскелерінде жүріп-тұруы қиын сайлаушыларды тасымалдау үшін "кезекші машиналардың" жұмысы ұйымдастырылатын болады.

Денсаулық жағдайы бойынша сайлау учаскелеріне баруға мүмкіндігі жоқ мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын іске асыру үшін дауыс беруге арналған тасымалданатын жәшігі бар комиссияның шығуы ұйымдастырылатын болады.