2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер

 

2023 жылғы 01 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін арттыру

 

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Ресубликасының Заңын ескере отырып 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап келесі негізгі көрсеткіштер белгіленді:

Айлық есептік көрсеткіш мөлшері (АЕК) -3450 теңге;

Ең төменгі зейнетақы-53076 теңге;

Күнкөріс деңгейі (КД) - 40567 теңге;

Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері-24341 теңге.

Жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 10,5% - ға өсті.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына, сондай-ақ ең төменгі мөлшердің КД мөлшерінен 54% - дан 60% - ға дейін (40567 теңге) ұлғаюына байланысты арттырылды.

Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не ол болмаған кезде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі КД - нің 60 пайызы (54 пайызының орнына) мөлшерінде белгіленген. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырыла отырып, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап КД мөлшерінің ұлғаюына байланысты өсті.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылардың, баланың туылуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақының, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оған күтім жасау жөніндегі мемлекеттік жәрдемақының, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың, төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері ұлғайтылды.

Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлемді тағайындау кезеңі 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды.

 

"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Жамуков Арман Еншибаевич