ХҚКО арқылы нотариуссыз жылжымайтын мүлікті қалай рәсімдеуге болады

ХҚКО арқылы нотариуссыз жылжымайтын мүлікті қалай рәсімдеуге болады

ХҚКО арқылы нотариуссыз жылжымайтын мүлікті қалай рәсімдеуге болады

Бүгін жылжымайтын мүлікті сатып алу-сатуды ХҚКО-да рәсімдеуге болады. Құжаттарды тапсыру күнін есептемегенде қызмет көрсету уақыты 1 жұмыс күнін құрайды.

Мәміле жасау үшін сізге қажет: екі данада жасалған сатып алу-сату шарты; жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты; Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар (оларды сатушы ұсынады). Егер сатушы мен сатып алушы некеде тұрса, онда жұбайының/зайыбының нотариалды куәландырылған келісімі қажет. Бұл екі жаққа да қатысты.

Егер жылжымайтын мүлік құрылыс компаниясынан сатып алынса, сізге қосымша сату туралы шешім ұсыну қажет. Бұл ретте, егер сатып алушы некеде тұрса, жұбайының/зайыбының нотариалды куәландырылған келісімі қажет.

ХҚКО-ға дайын сатып алу-сату шартымен де, онсыз да келуге болады. Мемлекеттік корпорацияның маманы оны құрастыруға көмектеседі. Шартта жылжымайтын мүліктің барлық техникалық сипаттамалары (ауданы, қабаты, пәтер нөмірі, кадастрлық нөмірі және т.б.) көрсетілуі тиіс. Егер жылжымайтын мүлік құрылыс салушыдан сатып алынса, шартта ХҚКО-ға келетін компанияның сенімді тұлғасының аты-жөні көрсетілуі тиіс. Сенім білдірілген тұлға болмаған жағдайда ХҚКО-ға компания директоры келеді, ол сатып алу-сату шартына қол қояды және өзімен бірге директорды тағайындау туралы бұйрық әкеледі.

Мемлекеттік баждың мөлшері-1 202,5 теңге, егер көрсетілетін қызметті алушы дайын сатып алу-сату шартымен келсе, Егер құжат ХҚКО-да жасалатын болса, онда көрсетілетін қызметті алушы тіркеуге қарамастан, шартты жасау үшін де бөлек төлейді. Егер жылжымайтын мүлік объектісі Петропавл қаласында болса, онда 7100 теңге, егер аудандық маңызы бар қалада немесе ауданда болса, 5 600 теңге төлейді.

Қызметтің құны жылжымайтын мүлік түріне байланысты өзгереді (мысалы, сақтау орындары, паркингтер және т.б.). Егер сатып алу-сату объектісі жеке үй болса, онда төлем өзгермейді, бірақ оның аумағындағы жер учаскесі мен шаруашылық құрылыстарды тіркеу үшін қосымша ақы алынады.

Құжаттарды тапсыру күнін есептемегенде, қызмет көрсету уақыты 1 жұмыс күнін құрайды.

Сондай-ақ, ХҚКО-да  жылжымайтын мүлікті рәсімдеуден басқа, келесі қызметтер бойынша нотариуссыз келісім-шарттар жасалады:

  • көлік құралын және кепіл шартын автосалондарда тіркеу
  • басқа аумақтық бірлікте азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар алу
  • заңды тұлғаның қызметін тоқталуды мемлекеттік тіркеу
  • екінші деңгейлі банктер үшін міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу (өзгерістерді, тоқтатуды)
  • басқа аумақтық бірліктегі білімі туралы құжаттарды тану және нострификациялау
  • екінші деңгейлі банктер үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды(ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу
  • заңды тұлғалар үшін көлік құралдарын тіркеу
  • жылжымайтын мүліктің техникалық паспортың беру және салынған объектіге қабылдау актісін ресімдеу
  • жеке және заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке объектісіне құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру
  • жеке тұлғалар үшін жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілер ресімдеу және алу
  • салынған объектіге қабылдау актісін ресімдеу бойынша дайын құжатты сонынан бере отырып.
  • меншік иелерінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдау актісін ресімдеу және беру

Осылайша, тұрғындар үшін жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктер Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде өз шығындарын бірнеше есе үнемдеуге мүмкіндік береді!