Құрметті жерлестер! Құрметті ардагерлер! Сіздерді шын жүректен ерлік пен батылдық мерекесі - Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтағым келеді. Бүгін, 9 мамырда біз — Жеңістің 77 жылдығын атап өтеміз, оның ұлылығы біздің жадымызда және тарихымызда мәңгі қалады.

Құрметті жерлестер! Құрметті ардагерлер!  Сіздерді шын жүректен ерлік пен батылдық мерекесі - Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтағым келеді. Бүгін, 9 мамырда біз — Жеңістің 77 жылдығын атап өтеміз, оның ұлылығы біздің жадымызда және тарихымызда мәңгі қалады.

Құрметті жерлестер! Құрметті ардагерлер!

Сіздерді шын жүректен ерлік пен батылдық мерекесі - Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтағым келеді. Бүгін, 9 мамырда біз — Жеңістің 77 жылдығын атап өтеміз, оның ұлылығы біздің жадымызда және тарихымызда мәңгі қалады.

Бүкіл әлемдегі қазіргі және болашақ ұрпақ үшін кеңес сарбаздары мен тыл еңбеккерлерінің Ұлы ерлігі мәңгі өшпейді. Тәуелсіздік пен бостандық әр мемлекетке тектен-тек берілмейді. Біздің ата-бабаларымыз батырлар ғасырлар бойы тәуелсіздігімізді қорғап, өз өмірлерін құрбан етіп, бостандық үшін қанын төкті. Бұл күресте Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері ерекше рөл атқарды.

Ұлы Отан соғысы әкелген үлкен сынақ барлық халықтардың ең үлкен бірлігін көрсетті.

Біздің қасиетті парызымыз-мұны әрдайым есте сақтау, жастарды Жеңіс сарбаздарының батырлық үлгілерімен тәрбиелеу, тарихи жадымызды және соғыс туралы шындықтың әр түйірін мұқият сақтау. Бүгінде біздің ардагерлеріміз Ұлы Жеңісті еске алудың басты құралы болып табылады. Дәл осы жеңімпаздар ұрпағынан біз Отанға деген шынайы махаббат пен жанқиярлықты, қайсарлық пен рух күшін үйренеміз.

Біздің басты міндетіміз, болашақ ұрпақтың міндеті - жылдан жылға қатары сиреп бара жатқан қымбатты ақсақалдарымызды қастерлеу және құрметтеу. Сіздерге ұзақ өмір, денсаулық тілеймін! Республикамыздың одан әрі өркендеуін және әрбір отбасына бейбітшілік пен келісім тілеймін.

Аққайың ауданының әкімі
Р. Елубаев