Аудан әкімінің азаматтарды көшпелі қабылдауы

Аудан әкімінің азаматтарды көшпелі қабылдауы

Аудан әкімінің азаматтарды көшпелі қабылдауы

 

Тоқшын ауылдық округі ауданның шалғай округтерінің бірі. Аудан әкімі аталған округте азаматтардың көшпелі қабылдауын өткізді. Округтің үш ауылына да барып, тұрғындармен кездесті.

Қабылдауда тұрғындар әр түрлі сұрақтарды көтерді: көшелерді жарықтандыру, клуб құрылысы, жол жөндеу, фельдшерлік пунктерді жөндеу.

Барлық сұрақтар бақылауға алынды. Мәселелердің басым бөлігі жақын арада шешімін табады.