Осы жылдың 1 ақпанынан әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері басталады

Осы жылдың 1 ақпанынан әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері басталады

Азаматтарды ашық қабылдау

 

Осы жылдың 1 ақпанынан әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері басталады. Коронавирус бойынша эпид.жағдайға байланысты есеп беру кездесулерінің басым бөлігі онлайн форматта өтеді. Интернет байланысы тұрақсыз шағын ауылдарда кездесулер офлайн өткізіледі.

Есеп беру кездесулерінің алдында азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.

Аудан әкімі кезекті ашық қабылдау күнін өткізді. Шалғай елді мекендердің тұрғындары сұрақтарын қолжетімді байланыс WhatsApp арқылы қойса, аудан орталығы мен жақын ауылдардың тұрғындары жеке қабылданды.

Сондай-ақ, WhatsApp хабарламалар арқылы да сұрақтар қабылданды. Барлық сұрақтар бақылауға алынды.

Азаматтарды қабылдаудың мұндай тәжірибесі бұдан әрі жалғасатын болады