Мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтау мәселесі бойынша семинар
2021 жылғы 9 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілерінің әдепті бұзуының алдын-алу мақсатында ауданның мемлекеттік органдарының басшыларына семинар өткізді.
М.Т. Дүйсембаева өз сөзінде мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексі қоғам мен мемлекеттің жалпы танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларына негізделген лауазымды тұлғалардың моральдық нормалар, міндеттемелер мен адал қызметтік мінез-құлық талаптарының жүйесі екенін атап өтті. Қазіргі уақытта мемлекет мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру қажеттілігіне қатысты мәселелерге елеулі көңіл бөледі, оның негізгі ережелері Әдеп Кодексінд айқындалған, олар туралы семинарда айтылған. Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілердің жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларын сақтау және қоғамға жат мінез-құлықпен ұштасқан әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы түсініктемелер берілді.
Семинар соңында мемлекеттік қызметшілердің барлық сұрақтарына түсініктемелер мен толық жауаптар берілді.