Ағымдағы жылдың 23 қарашасында аудан әкімі аппаратының үлкен залында «Медиация және оның барлық салада қолданылуы» тақырыбында конференция өткізілді.

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында аудан әкімі аппаратының үлкен залында «Медиация және оның барлық салада қолданылуы» тақырыбында конференция өткізілді.

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында аудан әкімі аппаратының үлкен залында «Медиация және оның барлық салада қолданылуы» тақырыбында конференция өткізілді. Конференцияға «RPA IMC» Президентінің СҚО бойынша өкілетті өкілі Алтын Би Бесембаева, аудан әкімі аппаратының басшысы М.Т. Дүйсембаева, халықаралық деңгейдегі кәсіби медиаторлар М.Г. Садвакасов, М.С. Галимжанов, У.Т. Урустамов, ауылдық округтердің әкімдері және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудан маслихаты, «Nur-Otan» партиясы, қарулы құрылымдар, аудандық прокуратурасы және сот қатысты.

Конференцияда даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеу тетігі ретінде медиацияны қолдану мәселелері қаралды. Медиацияның кезеңдері мен артықшылықтары, медиатордың татуласу процесіндегі рөлі талданды, «RPA IMC» Президентінің СҚО бойынша өкілетті өкілі Алтын Би Бесембаева медиация бойынша егжей-тегжейлі баяндама жасады, слайдтар көрсетілді. Конференция соңында іс-шараға қатысушылар СҚО бойынша «RPA IMC» Президентінің өкілетті өкілі Алтын Би Бесембаевқа осы іс-шараны өткізгені үшін алғыс білдірді, оның қорытындысы бойынша медиацияны қолдану саласында жаңа білім мен дағдылар алынды.