Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні
А.ж. 15 қазанда Петропавл қ. ат. А. Винокуров сарайда орман шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетті.
Бірінші дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгісімен "Аққайың орман шаруашылығы" КММ Бестерек орманшылығының орманшы-инспекторы Василий Казаков биологиялық әртүрлілікті сақтағаны және көбейткені үшін марапатталды.
Көп жылғы және адал еңбегі, орман қорын күзету мен қорғауды қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін СҚО әкімінің Құрмет грамотасымен "Аққайың орман шаруашылығы" КММ Қаратамар орманшылығының орманшысы Жасұлан Жұмабаев марапатталды.