СҚО тұрғындары аты-жөнің қалай өзгерте алады?
ҚР әрбір азаматы атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге құқылы. Оған кез-келген себеп болуы мүмкін: біреулер отбасылық жағдайына байланысты өзгертіп жатса, басқалары – жеке көңіл қалауымен.
Аты-жөніңізді, сонымен қатар азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу қызметін eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеп, уақытты үнемдеуге болады. Сондай-ақ, сіз бұл қызметті АХАЖ бөлімдері мен жергілікті әкімдіктер арқылы да рәсімдей аласыз.
Қажетті құжаттар тізімі:
• белгіленген үлгідегі өтініш;
• жеке басын куәландыратын құжат;
• 2 дана 3*4 өлшеміндегі фотосурет.
Мелекеттік баж көлемі:
• аты-жөнін өзгертуді тіркеу – 2 АЕК
• аты-жөнін өзгерту актісі жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге куәлігі үшін – 0,5 АЕК
Қажет болған жағдайда АХАТ бөлімінің қызметкерлері қосымша құжаттар талап етуі мүмкін.
Жеңілдігі бар жекелеген санаттағы азаматтар мемлекеттік баж төлемінен босатылады. Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі