Vемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Vемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Аққайың ауданының тұрғындары арасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2021 жылғы 05 қазанда Facebook тікелей эфирінде Аққайың ауданы әкімі аппаратының парақшасында, сондай-ақ ZOOM платформасында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері, сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қатысты.

Аққайың ауданы әкімі аппаратының Facebook парақшасында тікелей эфирде бөлім басшылары мемлекеттік қызмет көрсету салалары бойынша ақпарат берді. Тікелей эфир барысында Facebook парақшасына барлығы 32 сұрақ келіп түсті, оларға бөлім басшылары түсініктеме берді.

Жәрмеңке барысында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты мамандарға ZOOM платформасына 31 сұрақ келіп түсті, оларға түсініктемелер берілді.

Ең танымал сұрақтар жер қатынастары және құрылыс мәселелері болды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша тұрғындар тарапынан шағымдар түскен жоқ.