Тіркелу бойынша SMS хабарлама

Тіркелу бойынша SMS хабарлама

Тіркелу бойынша SMS хабарлама

 

Біз тұрғын үй иелеріне тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған тұрғындар туралы SMS-хабарламалар жолдайтын жаңа сервисті енгіздік.

Енді азаматтар ХҚО арқылы тіркелген кезде тұрғын үй иесі өз телефонына тіркелген адамның деректері көрсетілген хабарлама алады. Егер баспана иесі үйінде тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады.

Аталған жаңа сервис ақылы түрде тіркеуді ұсынатын делдалдарға қарсы күресте көмектеседі

Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін тұрғын үй иесі мен тіркелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек.

 

 

«Азаматтарға арналға үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі