s
Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Аққайың ауданына жұмыс сапарымен Солтүстік қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Серікбаев Сейілхан Махмұтұлы келді. Жұмыс сапары барысында Әдеп жөніндегі уәкіл Аралағаш, Григорьевка және Лесной ауылдық округтерінде болып, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының ұжымдарымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын, жұмыс уақытында және қызметтен тыс уақыттағы жүріс-тұрыс стандарттарын түсіндіру бойынша әңгімелер өткізді.