Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департамент онлайн режимде қоғамдық қабылдау жүргізеді

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департамент онлайн режимде қоғамдық қабылдау жүргізеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп және  аумақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының,  жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қатысумен тұтынушылардың жылу-, электр-, сумен жабдықтау, сарқынды суды бұру және кірме жолдар салаларының проблемалық мәселері бойынша қоғамдық қабылдау жүргізеді.

Тұтынушыларды қабылдау 2021 жылғы 7шілде сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін facebook  әлеуметтік желісіндегі Департамент басшысының парақшасында тікелей эфирде онлайн режимде келесі сілтеме бойынша өтеді: https://www.facebook.com/profile.php?id=100043427352343

Осыған байланысты, Департамент облыс және Петропавл қаласы тұрғындарын, басқада мүдделі тұлғаларды коммуналдық қызметтер мәселелері бойынша қабылдауға қатысуға шақырады.

Сонымен қатар әр адам  өз сұрақтарын осы хабарламаның астына қалдыруына болады, тікелей эфир барысында осы сұрақтарға беріледі.

Әрбір қатысуға қалаушы тұтынушы ретінде өзінің құқықтары туралы және мәселерді шешу жолдары бойынша түсіндірме ала алады.

Анықтамаүшін телефон: 8(7152) 61-82-82,

                                           8(7152) 61-82-78