Түсіндіру семинары

Түсіндіру семинары

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Аққайың ауданы әкімі аппаратында онлайн форматта Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының қызметкерлері, облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Сейлхан Махмұтұлы Серікбаев, облыс әкімі аппаратының бақылау секторының бас инспектор-меңгерушісі Аслан Амандықұлы Исиннің және Мемлекеттік қызметке қабылданған аудан мамандарының қатысуымен түсіндіру семинары өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары мен міндеттері талқыланды. Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі С. М. Серікбаев қатысушылардың назарын мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және қызметтік әдеп нормаларын сақтау қажеттілігіне аударды. Облыс әкімі аппаратының бақылау секторының меңгерушісі А. А. Исин мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар және олардың салдарлары үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі бойынша түсіндірмелер берді.