Аққайың ауданы Петропавл қаласында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысты.

Аққайың ауданы Петропавл қаласында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысты.
Біздің аудан осындай іс-шараларға тұрақты түрде қатысып, жергілікті тауар өндірушілерді қолдап, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді өнімдермен қамтамасыз етіп келеді.
Жәрмеңкеде аудан тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтарынан ұсынылған ет-сүт өнімдері, сондай-ақ «Ростан» ЖШС мен «Северный бройлер» ЖШС кәсіпорындарының өнімдері сатылымға шығарылды. Барлық өнімдер қала тұрғындары тарапынан үлкен сұранысқа ие болды.