Аққайың ауданында «Akkaiyn IT Hub» IT-орталығы өз жұмысын бастады

Аққайың ауданында «Akkaiyn IT Hub» IT-орталығы өз жұмысын бастады
Akkaiyn IT Hub — жаңа мүмкіндіктер мекені!
Құрметті аққайыңдықтар!
Аққайың ауданында «Akkaiyn IT Hub» IT-орталығы өз жұмысын бастады. Бұл — білім алуға, цифрлық дағдыларды дамытуға және пайдалы бос уақыт өткізуге арналған заманауи кеңістік.
IT-орталық Орталық аудандық кітапхана ғимаратында орналасқан.
📍 Мекенжайы: Желтоқсан көшесі, 7
Орталықта келесі аймақтар жұмыс істейді:
IT-сынып және дизайн, киберспорт аймағы, VR және ИТР аймағы, робототехника, БПЛА үшін 3D-баспа, бағдарламалау, конференц-зал және коворкинг кеңістігі.
🕘 Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі–жұма: 9:00–18:30
Түскі үзіліс: 13:00–14:30
Сенбі, жексенбі — демалыс күндері
IT-орталыққа барлық ниет білдірушілер бос уақытында келе алады.