Балаларды Жаңа жыл мерекесімен Аққайың ауданынык әкімі Жанар Поселкеқызы Құсайын жылы лебізімен құттықтады.
Мереке нағыз ертегіге толы атмосферада өтті. Шыршада балалардың сүйікті ертегі кейіпкерлері көп болып, олар бүлдіршіндерге қуаныш, күлкі және мерекелік көңіл күй сыйлады.
Би, түрлі ойындар мен шығармашылық нөмірлер көп болды, балалар белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Ең есте қалған сәт — сыйлықтар. Балалардың жүзіндегі шынайы қуаныш пен шаттық бәрінен анық байқалды.
Мерекенің жағымды тосынсыйы ретінде мандариндер таратылды, бұл мерекеге жылулық пен ерекше көңіл күй қосты.
Осылайша, балалар үшін жарқын әсер мен көтеріңкі көңіл күйге толы Жаңа жылдық мереке өтті.