Аққайың ауданы әкімінің есебі
2025 жылғы 18 желтоқсанда Аққайың аудандық мәслихатының кезекті, жыл қорытындысын шығарған 31-сессиясы өтті.
Сессия барысында Аққайың ауданының әкімі Жанар Поселкеқызы Құсайын 2025 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Баяндамасында жыл ішінде атқарылған негізгі жұмыстар, жүзеге асырылған жобалар және алдағы даму бағыттары баяндалды.
Сонымен қатар депутаттар 2026–2028 жылдарға арналған Аққайың ауданының бюджетін қарастырып, бекітті, аудандық мәслихаттың 2025 жылғы атқарған жұмысы туралы ақпарат тыңдалып, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қабылданды.
Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудандық бөлімдердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, қоғам өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.