Бүгін Аққайың ауданында, Смирново ауылында аудан әкімі Жанар Құсайынның азаматтарды жеке қабылдаудың бірыңғай күні өтіп жатыр. Смирново ауылының және ауданның тұрғындары өз сұрақтарын қойып, түйткілді мәселелерін көтеріп, қажетті түсініктемелер ала алады. Қабылдауға барлық мемлекеттік және ведомстволық ұйымдардың басшылары қатысып, өз салалары бойынша тұрғындардың сұрақтарына жауап беруге дайын.