Аққайың ауданының әкімі Жанар Поселкеқызы Құсайын 17 қараша күні Борки, Ивановка және Көктөрек ауылдарының тұрғындарымен кезекті көшпелі кездесулер өткізді. Кездесулер барысында инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар мәселелер қаралды:
• облыстық маңызы бар автомобиль жолын жөндеу;
• электрмен жабдықтауды күшейту және қосалқы станцияны жаңғырту;
• жол көрсеткіш белгісін орнату;
• жаңа үйлер мен әлеуметтік нысандарға электр желілерін тарту;
• автобус аялдамасын қалпына келтіру;
• мобильді байланыстың төмен сапасы;
• көше жарықтандыруы;
• жер учаскелерінің шекараларын нақтылау.
Әрбір мәселе бойынша нақты тапсырмалар беріліп, алдағы шаралар айқындалды.