Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Аққайың ауданына жұмыс сапарымен келді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Аққайың ауданына жұмыс сапарымен келді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Аққайың ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында оны аудан әкімі Жанар Поселкеқызы Құсайын ертіп жүрді. Сапар бағдарламасы аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары араланды: «Астраханское» ЖШС-індегі егін жинау науқаны; Смирново ауылындағы Суворов көшесінің орташа жөндеуден өткен ішкі ауылдық жолы; әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй құрылысы «Смирнов элеваторы» ЖШС; хоккей кортын салу; Смирново ауылындағы №3 орта мектептің күрделі жөндеуі; қуаттылығы 220/35-10 кВ электр қосалқы станциясын қайта жаңғырту. Сапар барысында әлеуметтік қолдау мен халықтың өмір сапасын арттыру мәселелеріне айрықша назар аударылды. Смирново ауылындағы орталық саябақта «Белсенді ұзақ өмір» орталығының мүшелерімен кездесу өтіп, қарт азаматтарды қоғамдық және спорттық өмірге тарту жұмыстары таныстырылды. Сапардың қорытынды кезеңі Аққайың ауданы тұрғындарымен Трудовое ауылында өткен кездесу болды. Жиында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және әлеуметтік әл-ауқатты арттырудың өзекті мәселелері талқыланды. Жұмыс сапары мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын жергілікті жерде бағалауға және ауданның одан әрі даму шараларын айқындауға мүмкіндік берді.