1 қыркүйек – Білім күнімен!

1 қыркүйек – Білім күнімен!
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – жаңа жетістіктерге, жаңа ізденістер мен үлкен арман-мақсаттарға бастар жол. Мемлекет басшысы атап өткендей, нағыз жауапты азамат дәл осы мектеп қабырғасында қалыптасады. Биыл еліміздің барлық мектептерінде «Адал азамат» атты бірыңғай тәрбие бағдарламасы бастау алып отыр. Оның мақсаты – оқушыларды адалдыққа, еңбекқорлыққа және отансүйгіштікке баулу. Қымбатты оқушылар, білімге ұмтылыңыздар, өздеріңізге сеніңіздер және мақсаттарыңызға нық қадам басыңыздар. Құрметті ұстаздар, сіздердің еңбектеріңіз – болашағымыздың берік іргетасы, сіздердің жас ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз. Барша шәкірттерге табыс пен жігер, түлектерге дұрыс жол таңдауды, ұстаздарға еңбектерінің жемісін тілеймін. Жаңа оқу жылы жетістіктерге, қуанышқа және жарқын жеңістерге толы болсын!
Білім күні құтты болсын!
Аққайың ауданының әкімі Ж.Құсайын