Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік концерт өтті

Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік концерт өтті
13 маусым күні Смирново ауылының орталық саябағында медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік концерт өтті! Құттықтау сөздерін Аққайың ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Дүйсембаева мен аудандық аурухананың директоры Р.М. Ұлмесеков айтты.
Ауданымыздың үздік медицина қызметкерлері Алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Денсаулық сақшыларына шын жүректен алғыс айтамыз!