Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы

Аққайың ауданы әкімдігінде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында мемлекеттік органдар басшыларының жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша есептері тыңдалды.

Алда — жазғы кезең, демалыс пен белсенді уақыт өткізу мезгілі. Осыған байланысты балалар мен жасөспірімдердің жаз мезгіліндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қайғылы оқиғалар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.